Бұл туралы Астанада өткен форумда айтылды. Онда ядролық медицина және ауыл шаруашылығына қажетті материалдар дайындау мәселелері талқыланды. Жалпы, форумға мүше 12 ел жаппай қырып-жою қаруларын пайдаланбай, атом технологияларын игі іске пайдаланатын 8 бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде медицина, ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік, ғаламдық жылынуға дейін бар. Заманауи технологияларды пайдаланудың жолдарын нұсқайтын кеңестің Қазақстан үшін де пайдасы мол.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
- Ядролық технологияларды пайдалану бойынша біраз жобаларды іске асырып жатырмыз. Ең бастысы, токамак реакторын биыл іске қостық. Бұл токамак реакторы бізге көп мүмкіндік беріп отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ