Жалпы, облыс тұрғындарының қатты отынға қажеттілігі - 190 мың тонна. Бүгінге дейін соның 17 пайызы өңірге жеткізілген. Ал қазір, қоймаларда көмірдің болмауы тікелей тасымалға тәуелді. Темір жол арқылы әкелінетін вагондар кешеуілдеп жатыр. Дегенмен, бар мүмкіндіктер қарастырылу үстінде. Тіпті көмір, көлікпен де тасымалдануда. Бірақ, ол отын құнына әсер етеді. Одан бөлек, кен орындарында да баға былтырғыға қарағанда 15-20 пайызға көтерілген.
Руслан Нұрмағанбетов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
- Жергілікті тұрғындардың барлығы бір мезетте көмірді сатып алғысы келеді. Ал, ол дегеніміз өз кезегінде, вагондардың келуі бар, оның кен орындарынан тиелуі бар, оның әрқайсысы уақытпен регламенттеледі. Оның осы қоймаларға әкелінуіне біршама уақыт кетеді. Оның әр жерде рәсімделу процедуралары бар. Осы уақытқа жеткізбей бізде таусылып қалу фактілері орын алуда.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ