Жыл сайын Елордада 700-ден астам адам суицид жасауға бекінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл сайын Елордада 700-ден астам адам суицид жасауға бекінеді

12.10.2017

Астана қаласы Ішкі істер департаментінде өткен семинарда тиісті ақпарат жария болды. Былтыр осы бап бойынша 702 іс тіркелген. Оның 681-і қылмыстық сипаты болмағандықтан тоқтаған. Осы қасіреттің алдын алуға арналған жиынға прокуратура, білім басқармасы, психологтар қатысты. Олардың ойынша, өз-өзіне қол жұмсайтындардың дені - жасөспірімдер. Сондықтан, мұндай жиындар індеттің бетін қайтаруға сеп болмақ.

 Қайрат Артықов, қалалық  ІІД тергеу басқармасының бөлім басшысы:   

- Бүгінгі таңда өз-өзіне қол салушылар жасөспірімдер арасында, кәмелетке толмағандар бар.  Әлеуметтік жағынан алсақ, материалдық жағдай, отбасында болатын жанжалдар әсерінен.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу