Семейде жалған ақпарат таратқан азамат жазаға кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде жалған ақпарат таратқан азамат жазаға кесілді

12.10.2017

Семейде көпқабатты үй құлады деп жалған ақпарат таратқан азамат жазаға кесілді.  Халық арасында дүрбелең туғызған  бейнеролик  әлеуметтік желіде  қызу талқыланып, жұрттың үрейін ұшырған еді. 

Алайда, кейін бұл материалдың бірнеше жыл бұрын Ресейде түсірілгені анықталды. Қала тұрғыны оны Семейде болған оқиға деп  «YouTube»-қа жариялап жіберген. Полиция жалған ролик авторын үш күннен кейін анықтады. Бүгін осы іске байланысты сот Артем Полюхты  кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

Артем Полюх, сотталушы:

 - «YouTube»-тағы каналдан түрлі қызықты роликтерді жинайтынмын. Бейнежазбаны алдым да, сонда салдым. Семей тобынан келді деп жаздым. Семей қаласы деп көрсеттім. Үйдің құлағаны туралы сипаттадым. Өкінемін. Өз кінәмді толық мойындаймын. 

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу