Шекара заңын бұзушылар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекара заңын бұзушылар көп

16.10.2017

Қазақ-қырғыз шекарасынан осы уақытқа дейін 12 мың адам өтсе, кешегі Президент сайлауы кезінде оның саны 8 мыңға кеміді. Көліктердің саны да екі есе азайды. Бір тәулікте 800 автокөлік Қазақстанға кірген. Алайда, өткізу пунктері мен учаскелерде жоспарлы шекаралық операция әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан, заң бұзушылықтар күн сайын тіркелуде. Бұл туралы шекара маңында жүрген тілшіміз Алмат Әбдіраман айтсын. 

Бұл Өзбекстан азаматы. Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған. Қырғызстан арқылы біздің елге өткен ол құжаттарының мерзімі біткенін білмей жүре берген. Жалғыз емес, әйелі екеуі. Сөйтіп, олар жоспарлы операция кезінде шекарашылардың қолына түсті.

Өзбекстан Республикасының азаматы:

- Мен 5 күндік қағазбен жүрмін. Мен де пропуск жоқ. Сол үшін айыппұл.

Операция басталғаннан бері көрші ел арқылы Қазақстан шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтпек болған бірнеше азамат ұсталды. Бегайым Жүсіпова Қырғызстанның тұрғыны. Оның қолында жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты жоқ. Өз елінде жұмыс таппай қиналған әйел «Жамбыл облысына күнкөріс қамымен келдім», деп отыр. 

Бегайым Жүсіпова, Қырғызстан Республикасының тұрғыны:

-        Қырғызстаннан келгенмін. Паспортым жоқ. Ошы учинұсталдым. Тиын қылайын бияққа    келіп, бияқта ұсталып, қармалып қалдым ғой, паспорт жоқ.

-        Шекарадан қалай өттіңіз?

-        Шекарадан ептеп өттім ғой. Биздин Кыргызстанда да жұмыс жоқ. Бияқ Қазақстан жақсы ғой. Кішкене акча кылайын деп. Паспортым жоқ. Енді жасатам ғой, арекетш қылып

-        Жасыңыз қаншада апа?

-        Алпмыштамын.

-        Пенсиядасыз ба?

-        Балаларым да жоқ. Асырайтыным да жоқ.

-        Жалғысбастысыз ба?

-        Иә.

Жоспарлы операция кезінде 4 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Бұдан бөлек, автокөліктің VIN кодын өзгертіп, жалған құжатпен Қырғызстаннан Қазақстанға алып өтпек болғандар ұсталды. Сондай-ақ, шекара режимін бұзған 76 адам, өткізу пунктінде еліміздің көші-қон Заңын елемеген 5 азамат қолға түсті.

Ержан Мақсұт, ҚР ҰҚҚ Шекара қызметі 20/38 әскери бөлімі анықтау және әскери іс-жүргізу бөлімінің бастығы:

- Көптеген Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, осы уақытта Түркіменстан, Тәжікстан Рсепубликасының азаматтары және Ресей Федерациясының азаматтары әкімшілік құқық бұзушылықтармен ұсталып жатыр. Сол бойынша Заң бойынша шаралар өткізіліп жатыр. Мен былай айта алмаймын, Қырғыз азаматтарын былай шығарып жатырмыз, болмаса басқаларын былай деп. Бәріне Қазақстан Республикасының заңы бірдей.

Қордай учаскесінде тәулік сайын 30-ға жуық Қазақстан заңын бұзушылар қолға түседі.  Олардың ішінде шетелдіктер мен Қырғыз тұрғындары көп. Мәселен, мен тұрған осы өткізу пунктінде күні кеше наша алып өтпек болған Қырғыз елінің азаматы ұсталды. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу