Шектен шыққандарға шара қолданылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шектен шыққандарға шара қолданылады

12.02.2014
Шектен шыққандарға шара қолданылады
 
Жергілікті ақша айырбастау пункттерінде долларды сату мен сатып алу кезінде ауытқулар болмауы керек. Келеңсіз оқиғалар болған жағдайда филиалдың лицензиясы қайтарылып алынады»,  деді АҚШ доллары бағамының күрт өсуіне байланысты шұғыл мәжіліс өткізген Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
 
Бұл орайда аудан және қала басшылығы күнделікті мониторинг жасап отыруы тиіс.  Ал, Ауыл шаруашылығы басқармасына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Кәсіпкерлік-туризм басқармасы мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  және аймақтық кәсіпкерлер палатасына күнделікті тұтынудағы тауарлар бағасының күрт өспеуін қадағалау тапсырылды. 
 
Қырымбек Көшербаев, облыс әкімі:
Ұлттық банк және банктер тарапынан айырбас пункттері тиісті шетел валютасымен толық қамтамасыз етілген. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ. Екінші деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары да қажет деңгейде шетел валютасына ие. Сондықтан, ажиотаж ұйымдастыру жағдайларын байқасақ,  біз тиісті шаралар қабылдаймыз да, осы ауыстыру пункттерінің жұмысын тоқтатып, лицензиясын тартып алуға шаралар қабылдаймыз.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу