Бұл туралы Мәжілісте «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысында айтылды. Мәселен, тәулігіне бір жануар 5-6 келіден кем емес жем жеуі тиіс. Бүгінде жеке шаруашылықтардағы мал басына берілетін азық өлшемі бұдан үш есеге аз. «Жем-шөпті өндіру деңгейін арттырмай тұрып ,арзан ет пен сүтке қол жеткізу мүмкін емес», - дейді мамандар. Осыдан екі жыл бұрын қабылданған кооперация туралы заңның жүзеге асырылуында бірқатар кемшіліктер бар.
Тұрғын Сыздықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 500 мың кісіні қосамыз, кооперация жасаймыз деген тапсырма бар Елбасының, соны орындаймыз деп жергілікті кісілер цифраны ойдан ала ма, кооперацияға көңіл бөліп отырған шамалы жер.
Индира БЕГАЙДАР