Келер жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі беріле бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі беріле бастайды

20.10.2017

Ондай қолдауды жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан аспайтын отбасылар алады. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Вице министр «Өрлеу» жобасы көмекке мұқтаж жандарды өзі анықтайтын жұмыс тәсіліне көшеді», дейді. Яғни, күнкөріс қамымен жүрген азаматтардың  өтініш беруін күтпей-ақ, құжаттарын рәсімдеуге шақырады. Қазірдің өзінде елімізде мұндай көмекке зәру адам саны 161 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге өскен. Бұл әлеуметтік келісімшарт негізіндегі қаржылай көмектің кешенді түрі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске аспақ.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Балалы отбасы 9 мың теңгені алып отыр. Төрт балалы отбасы тоғыз мың теңгені алып отыр. Санағанда оның мөлшері бір балаға жетпейді. Сондықтан, біз қайтадан қарастырып, ендігі жылдың қаңтарынан бастап төлемдердің мөлшері мүлдем өзгереді.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу