Шымкентте банкті тонаған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте банкті тонаған күдікті ұсталды

24.10.2017

«Каспий банкінің» Шымкенттегі бөлімшелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған адам қолға түсті.Күдікті 45 жастағы Алматы қаласының тұрғыны. Ол осыдан он күн бұрын банк ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытып, кассадан 16 миллион теңге, 23 мың доллар және 85 мың Ресей рубльін қолды қылды. Бетперде киген ол қолындағы балтасымен қызметкерлерді қорқытып, ақшаны алысымен қашып үлгерген. Оңай олжаға тап болған ол 400 мың теңгені қалтасында қалдырып, қалғанын өзге банкке салып қойған. Күдікті осы уақытқа дейін Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінде бой жасырып келген. Ал, пәтер иесіне 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Мұнан өзге деректер тергеудің құпиялылығына байланысты әзірге жарияланбай отыр. Сондай-ақ, полицейлер оның бұған дейін де банк тонағаны туралы ақпарды растамады. Осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Сейітжомарт Сейітхан, Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы полиция бөлімінің басшысы:

- Сонымен қатар оқиға орнында болған қара түсті сөмкесі тәрткіленіп айғақты зат ретінде қылмыстық іске біріктірілді. Қазіргі таңда банктен иемденген аса ірі көлемдегі ақша басқа банкте сақтаулы тұрған жерінен тәркіленіп, иесіне қайтарылады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу