«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені субсидиялау тәртібі өзгереді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Биыл Инвестициялар және даму министрлігі 8 жүз мың ипотекалық несиені субсидиялауды жоспарлаған болатын. Алайда, 9 айда тек 213 өтініш мақұлданған. Себебі, бағдарламаның тетіктері тиімсіз және ірі банктер бұл бағдарламаға қатысуға асығар емес. Себебі, көптеген құқықтық кедергілер бар. Сондықтан, Инвестициялар және даму министрлігі бағдарламаны өзгертіп, заңнамаға түзетулер енгізуді ұсынып отыр.
Мархабат Жайымбетов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы:
- Екінші деңгейлі банктер арқылы 8000 займ береміз деп жоспарлаған болатынбыз. Қазір 700 арыз түсті, соның 213-і қанағаттандырылды. Қазір ұлттық банк, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге отырып, бір айдың ішінде тетіктерді қалай шешеміз, қалай қоямыз, енді қандай жолмен жүреміз сол мәселені шешетін боламыз.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ