Жедел жәрдемге қатысты тексеріс жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдемге қатысты тексеріс жүріп жатыр

24.10.2017

Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем қызметкерінің ерсі әрекеттері түсірілген бейнежазба халық наразылығын тудырды. Видео авторының сөзінше, науқастың шақыртуына келген мейіргердің көліктен түсуге шамасы жоқ. Оқиға кеше таңертеңгі сағат 7:30-да болған.  Бригаданың өзі науқастың үйіне шақыртудан кейін 1 сағаттан соң ғана жетіпті. Ал, Астана денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәлімдеуінше, осы жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.   

Лаура Ахметниязова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры:

- Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, 2 фельдшер мен жүргізуші қызметінен босатылды. Жедел жәрдем станциясы басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оларға қатысты тиісті шаралар тергеу аяқталған соң ғана қолданылатын болады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу