Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай бірқалыпты. Екі ел арасындағы қатынасқа тосқауыл жоқ. Дегенмен, құжаттары дұрыс болмай шыққан азаматтар үшін оны рәсімдеп алғанға дейін күтіп, тынығуға қажетті барлық жағдай жасалған. Тіпті, шекарадағы кейбір елді мекен тұрғындары кезекте тұрған жүк көлігінің жүргізушілеріне ыстық тамақ таратып жатқаны жөнінде ақпарат жарияланғаны белгілі.
Шекарада құжат немесе жүк қана тексеріледі. Ең бастысы бұл жерде ана мен балаға арналған арнайы бөлме бар. Мәселен, ана осында кішкентайын тамақтандырып, өзі де тынығып алса болады.
Қырғызстан тұрғыны Бағдагүл Бердібайқызы кішкентай нәрестесімен алғаш рет шекарадан өтті. Жылы және жайлы бөлменің бар жоғына бұрын мән бермейтін.
Бағдагүл Бердібайқызы, Бішкек қаласының тұрғыны:
- Сол біз Қазақстаннан келе жатқанбыз. Бұл жерде ене мен бала кабинеті бар екенін білмепміз.
Баршаның баласын бауырға басқан қазақ елі, ешкімді өзекке теппейтіні ежелден белгілі. Мәселен, кеше кешкісін құжаттарынан ақау шыққан көрші елдің екі жасар баласы шекарадан өте алмай қалды. Алайда, кішкентай далада қалған жоқ. Оны Шу қаласында тұратын қазақ азаматтары үйіне алып кеткен. Бүгін бала шекарадан аман есен өтті.
Айгүл Отызбаева, «Қордай» шекара бақылау бөлімінің аға бақылаушысы:
- Біз бір-бірімізбен көршілес елміз. Қазақ қырғыз бұл жерде өте жақын араласып тұрады. Өз үйлеріне кіргізіп, тамақтарын беріп жаңағы. Ол кісілердің жағдайын түсініп, көмек көрсеткен. Ондай оқиғалар болып тұрады.
Ал, мынау әлеуметтік желіге шыққан түсірілім. Кезек күтіп тұрған жүк көліктерінің жүргізушілеріне екі елдің де жергілікті тұрғындары ыстық тамақтаратып жатыр.
Талғат Аяпбергенов, жүк көлігінің жүргізушісі:
- Өздерінің жігіттері келіп бізге тамақ берді. Таратты тегін. Палауы бар, айраны бар, сүті бар. Ағайын, туысқандық жасап отыр олар да. Жаманшылық айта алмамыз. Аман-есен.
Қазір шекарадан өтуде еш тосқауыл жоқ. Ал, белгілі бір жағдаймен аялдап қалғандар қазақтың қонақжайлығына тәнті. Бұл да қазақ пен қырғыздың ежелгі достығының нышаны.
Мирас МҰҚАШ