Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне енгізілетін өзгертулерді халыққа түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне енгізілетін өзгертулерді халыққа түсіндірді

30.10.2017

Алматы облысына барған Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне енгізілетін өзгертулерді халыққа түсіндірді. Жаңа заңның өңірлерге қалай әсер ететінін білу үшін халық қалаулылары аймаққа арнайы келді. Алматы облысының бюджеті соңғы үш жылда 51 пайызға өсіп, 2016 жылы 140 млрд. теңгеге жуықтады. Бұл тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосып, жаңа жобаларды жүзеге асырудың арқасында мүмкін болып отыр. Мәжіліс депутаттары ондай кәсіпорындарды көзбен көрді, жұртпен тілдесті. Халық қалаулылары жаңа салық жүйесі тұтас елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Қожахан Жабағиев, Мәжіліс депутаты:

- Әр жерде іс қалай жүріп жатқанын, елдің көңіл-күйін көріп жатырмыз. Жаңадан ашылып жатқан өндірістермен танысып, оларға қандай көмек керек екенін анықтап, қандай субсидиялар керек екенін көріп, соны зерттеп барып, заңдарға көп өзгерістер енгіземіз.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу