10 жылға созылған «Баку-Тбилиси-Карс» темір жол дәлізінің құрылысы аяқталды. Осыған орай бүгін Баку маңында салтанатты шара өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Гүржістан және Өзбекстан елінің өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен темір жолдың ашылуына Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев барды. Ұзындығы 826 шақырым жолмен алғашқы кезеңде жылына 1 миллион жолаушы мен 6,5 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Кейін бұл көрсеткіш бірнеше есеге артады. Ұлы жібек жолын қайта жандандыратын жоба Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалына кететін уақытты 30 күннен 15 күнге дейін қысқартады. Еуропа мен Азияны жалғайтын xалықаралық дәліздің біздің ел үшін пайдасы мол. Қазақстанға Қара теңіз бен Жерорта теңізіне шығатын жаңа жол пайда болады. Сондай-ақ, еліміз xалықаралық дәліздің тоғысқан жерінде орналасқандықтан, Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік xаб болады. Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдан 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда түседі деп жоспарланып отыр.
Бақытжан ОМАР