Нұрсұлтан Назарбаев: «Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев: «Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет

03.11.2017

«Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет. Партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, әлемнің бүгінгі даму қарқыны партия алдына үлкен мақсаттар жүктейді. Сондықтан, саяси ұйым оған сай болуы қажет. Жиында Президент еліміздің дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына «Нұр Отанның» қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Бүгінгі күні партияның миллионнан астам мүшесі бар. «Нұротандықтар»  партия Төрағасының тарихи бастамаларын  жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсап келеді. Партияның күнделікті жұмысында Үкіметпен бірлесе қабылданған 2021 жылға дейінгі мерзімдегі сайлауалды бағдарламасын орындау бірінші кезекте тұр.

Қазақстанның басты саяси күшіне ие болған партия барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда қарқынды жұмыстар жүргізіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу