Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов бұл туралы павлодарлық тауар өндірушілермен кездесуде айтты. Вице-министр саланы жетілдіруд көздейтін жеке-жеке бағыттар бойынша жасалған даму картасындағы жоспарларды түсіндіріп берді. Алдағы уақытта субсидиялау көлемі қысқарады. Ал, шаруашылықтарға берілетін несие өсімі азайып, оны қайтару мерзімі ұзартылады. Бұл дайын өнім шығару және оның сапасын арттыру мақсатында жасалып отыр. Бұл ретте фермерлер ішкі нарықты сырттан келетін сапасыз өнімдерден қорғау мәселесін көтерді.
Мәселен, жыл басынан Қырғызстаннан елімізге әкелінген тауарлардан 156 карантиндік нысан анықталған. Оның ішінде вирус жұқтырған картоп бар.
Рүстем Құрманов, ҚР АШМ вице-министрі:
- Картоптың алтын түсті жұмыр құрты топыраққа түскен жағдайда өнімділікті 90 пайызға дейін кемітеді. Мен фермердің сұрағына жауап бердім. Біз аграрлық мемлекет болғандықтан, мұндай тәуекелге жол бере алмаймыз. Сондықтан, Қырғыз шекарасында бақылау күшейтілді. Бұл шаралар Еуразиялық экономикалық одақ пен қатар халықаралық талаптарға сай жүргізіліп жатыр.
Болат АМАНБАЕВ