Көбі қаңғыбас иттерден жапа шеккен. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан, өңірде иесіз жүрген иттерді аулап, оларды оқшаулау жұмыстары жүріп жатыр. Биыл қалалық ветеринария бөліміне 950 арыз-шағым түсіп, екі мыңнан астам ит-мысықтың көзі жойылған. «Күл-қоқысты паналап жүрген иесіз жануарлар түрлі аурулардың көбеюіне әкеп соқтыруда», - дейді мамандар.
Нұртас Қиялбеков, қалалық ветеринария бөлімінің басшысы:
- Байламай ұстайды, бос жіберіп қояды. Иттер мен мысықтарды ұстау ережелері бекітілген. Сол ережелерді иттердің иелері сақтамайды. Сол себепті, қаңғыбас иттер азаймай жатыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ