ҚХР Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХР Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті

08.11.2017

Қытай Халық Республикасы Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті. Көршілес елдің арнайы шақыруымен Бейжіңге барған Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қытайдағы әріптестерімен және ірі компаниялардың басшыларымен кездесті. Таяуда Қытайға 20 мың тонна бидай мен 2 мың тонна өсімдік майы жөнелтіледі. Шығыстағы көршіміз Қазақстандағы 2017-2024-ші жылдарға арналған ірі қара малын өсіру жобасына 600 миллион доллар көлемінде инвестиция салуға келісіп отыр. Көрші елдің инвесторлары алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында құны 100 миллион АҚШ долларын құрайтын агроиндустриалды кешен салмақ. Дәл осындай сомаға жоғары сұрыпты бидайды терең өңдейтін кәсіпорын іске қосу да жоспарда бар.  

Ли Хунсин, «Сrand Сhina» компанияcының басшысы:

- Біз үшін кездесу жемісті аяқталды. 3 меморандум мен бір келісімшартқа қол қойдық. Алдағы уақытта қазақстандық әріптестерімізбен бірлесіп агро биржасын құрмақпыз. Қытай тарапы инвестициялық және қаржылық қызметтерге жауапты болады. Теxникалық қолдау мен қызметкерлер дайындауға Далянь биржасы көмек жасайды.  Өйткені, қазір Далянь ауыл шауашылығы өнімдерін биржада сатуда әлемде алдыңғы орында.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу