Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтар «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша тың мамандықтарды игеруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтар «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша тың мамандықтарды игеруде

09.11.2017

Жаңаөзен қаласында жұмыссыз азаматтар «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша тың мамандықтарды игеруде. Олардың 29-ы кәсібін тауып, жатақханаға орналасып үлгерді. Қалған 56 адам жақын арада еңбекке тартылады. Оқығандардың көпшілігі шетелдік компанияларға қызметке орналасса, қалғандары  жалақысы жоғары түрлі мекемелерден жұмыс тапқан. Жыл басынан бері 764 азамат мемлекеттік бағдарламаның  игілігін көріп, жұмысқа орналасқан.  

Қуаныш Жұқаев, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

 - Үш ай жұмыссыздық бойынша тіркеуде тұрдым. Қазір стропальщик мамандығын игеріп жатырмын. Екі ай оқимыз. Барлығы жатақханамен қамтамасыз етілді. Шәкіртақы, жолақымыз да төленіп жатыр. Жағдайымыз жақсы.

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу