Ғылыми орталықтар бірігіп жұмыс істемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылыми орталықтар бірігіп жұмыс істемек

09.11.2017

Сирек кездесетін ғылыми еңбектер мен ежелгі қолжазбалар ғалымдарға қолжетімді бола түсті. Бүгін Мемлекеттік тарих институты, Тарих және этнографика институты және Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты - отандық ғұламалардың дүниежүзіндегі мұраларын зерттеп, еңбектерін елге әкелу. Қазірдің өзінде бұл бағытта жұмыстар басталып кеткен. Сол арқылы жас ғалымдар тарихтың тың беттерін ашуға мүмкіндік алады.  

Әміреқұл Әбуов, «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директорының орынбасары:

 - Келісімге келіп отырғанымыздың негізгі мақсаты - барлығын орталықтандыру. Оның көшірмесі болсын осы жерге орталықтандырсақ, ғалымдардың бас қосатын орталығы болады деп ойлаймыз.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу