Астана қаласы бойынша жемқорлыққа қатысты 321 қылмыс тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласы бойынша жемқорлыққа қатысты 321 қылмыс тіркелді

10.11.2017
Астана қаласы бойынша жемқорлыққа қатысты 321 қылмыс тіркелді

Жыл басынан бері Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты 321 қылмыс тіркелген. Бұл туралы Құқықтық статистика басқармасының өкілдері хабарлады. Жалпы, елордада соңғы 10 айда 28 588  қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға аз. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапы қылмыстық істерді төмендетуге арналған «Қауіпсіз аула» жобасын  іске қосты.

Қаладағы қауіпті деп танылған 10 аула қатаң бақылауда болады.  Ал «бармақ басты, көз қыстылық» оқиғасы биыл 50 пайызға артқан. Ең қызығы, олардың басым бөлігі полиция қызметкерлерінің арасында тіркелген.

Талғат Жүсіпбеков,  Астана қаласы бойынша Құқықтық статистика басқармасының аға прокуроры: 

- Лауазымды тұлғалардың ішінде ең көп сыбайлас жемқорлық қылмыстар  полиция қызметкерлерімен - 34, Инвестиция және даму министрлігінің қызметкерлерімен - 6, Мемлекеттік кірістер қызметкерлерімен - 5, әкімдіктің қызметкерлерімен 5 қылмыс жасалған.

Хабарламаларға жазылу