«Zhangyru» жобасының гранттары табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Zhangyru» жобасының гранттары табысталды

10.11.2017

«Жаңғыру» корпоративтік оқыту» жобасының жеңімпаздары анықталды. Биыл алғаш рет «Қазақстан-2050» қозғалысының қолдауымен кәсіпті тиімді жүргізуді үйрету тренингтері өткізілген еді. Алғашында жобаға қатысамын деушілердің саны 200-ден асқан, кейін олардың 50 шақтысы іріктеліп, мәреге 10 адам ғана шығыпты. Қатысқандар осы уақытқа дейін бизнесті басқару стратегиялары мен ондағы жаңаша тәсілдерді жүзеге асыруды үйренді. Оның қорытындысы бойынша қатысушылар ұйым сертификатына ие болып, үздік деп танылған 4 қатысушы «Женева Бизнес Мектебі» ұсынған сыйлықтарға ие болды. Алғашқы орын алған адам «Женева Бизнес мектебінде» тегін оқуға грант ұтып алды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бизнестің қыр-сырын игергісі келетін  кез келген азамат аталмыш жобаға қатыса алады.

 Мұхтар Манкеев, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы:

 - Бұл жобаны қолдаған біраз азаматтар бар. Сондықтан, келесі жылға тағы да өтініштер түсіп жатыр. «Қазақстан-2050» атынан жоспарымызды құрып, келесі жылы да жалғастырамыз деп жоспарлаудамыз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу