2021 жылға қарай 1200 елді мекенге жылдамдығы жоғары интернет желісі тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2021 жылға қарай 1200 елді мекенге жылдамдығы жоғары интернет желісі тартылады

14.11.2017

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Қуатты Қазақстан» бірыңғай республикалық медиа-жоспарына өзгеріс енгізіп, электронды сауда мәселесін насихаттауға басымдық бермек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты. Электронды сауданы дамытудың Үкімет бекіткен жол картасы аясында халықтың цифрлық сауаттылығын қазіргі 75 пайыздан 83 пайызға жеткізу көзделуде.

Сондай-ақ, 2021 жылға қарай 1 200-ге жуық елді мекенге жылдамдығы жоғары интернет желісі тартылады. Осылайша, интернет қолданушылар саны 82 пайызға жетеді. Бұл электронды сауданың дамуына серпін бермек. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

 - Ағымдағы жылы компьютерлік сауаттылыққа оқыту еліміздің тек 7 аумағында жүзеге асқан. Жалпы, 84 000 адам оқытылған. Жыл соңына дейін тағы 12 мың адам оқытылады. Жергілікті атқарушы органдар оқытуды ескі бағдарламамен жүргізетінін айта кеткен жөн. Сондықтан, министрлік өз кезегінде бірыңғай әдістеме әзірлеуде жоспарлап отыр.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу