Елордалық зағип жандар смартфондарды меңгеруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық зағип жандар смартфондарды меңгеруде

15.11.2017

Енді Астаналық зағип жандар ғаламтордың барлық мүмкіндігін пайдалана алады. Нақты айтсақ, әлеуметтік желінің кез келген түрін, коммуналдық және өзге де ақыларды онлайн режимде төлеу және тағы да басқалары. Смартфондарға арнайы синтезатор бағдарлама жазылады, сол арқылы телефонның барлық мүмкіндіктерін пайдалана береді. Қазір арнайы оқытушы өзгелерге ол тәсілдерді меңгеруге үйретуде. Жоспарларында компьютерді де игеру бар. Жаңашылдықта проблема да жоқ емес. Ол тіл мәселесі. 

Фархат Қатренов, оқытушы:

- Синтезатор тек орыс, ағылшын араб тілдерінде. Ал, қазақ тілінен ондай синтизатор жоқ. Бірақ, қолжетімділік қиын, қымбат. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу