Санкт-Петербургте ТМД мемлекеттері Жастар парламентаралық ассамблеясының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургте ТМД мемлекеттері Жастар парламентаралық ассамблеясының отырысы өтті

15.11.2017

Достастықтағы отбасы жылына арналған жиынға қазақ елінің 10-ға тарта жастар ұйымын Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен бастап барды. Басқосуда ТМД елдерінен жиналған депутаттар мен сарапшылар жастар саясаты, отбасы құндылықтары және отбасы институтын қолдау мәселелерін талқылады. Мамандар Достастық аумағындағы отбасылардың хал-ахуалы туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, тараптар «ТМД мемлекеттеріндегі электронды демократия механизмдерін дамыту» жөніндегі ұсыныс жобасын саралап, Жастар Парламентаралық ассамблеясының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын пысықтады. Отырысқа қатысушылар жастар саясаты саласында Қазақстанда қолға алынған жұмыстарға ерекше ықылас танытты. 

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көптеген жастарға бағытталған бағдарламалар, жеңілдіктер, кәсіпкерлікпен айналысуға несиелер беру сияқты, ауылдағы жастардың тұрмысы туралы өзіміздің мемлекеттік бағдарламаларымызды ұсыныс ретінде көрсеттік. Осы ұсынысты алуға мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бізде іске асырылып жатқан бағдарламаларды басқа елдерде іске асыруға мүмкіндік бар. Бұл жердегі ең басты мақсат - тәжірибе алмасу.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу