Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық қабылдауға қатысқан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді. Министр 10-ға жуық қазақстандықтың мәселесін тыңдап, тығырықтан шығу жолдарын ұсынды. Интерактивті тақта арқылы еліміздің бірқатар өңіріндегі азаматтардың проблемаларын қағазға жазып алды. Алдағы уақытта барлық өтініштерге министрлік өкілдері жазбаша жауап бермек.
Жалпы, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне биыл 22 рет түрлі министрлік жетекшілері келіп қатысқан. Онда көтерілген мәселелердің 50 пайызы оң шешілген.
Ғабит БӨКЕНБАЙ