Дариға Назарбаева СІМ Қоғамдық кеңесінің жаңа басшысы болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева СІМ Қоғамдық кеңесінің жаңа басшысы болып сайланды

15.11.2017

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Сыртқы істер министрлігі Қоғамдық кеңесінің басшысы болып сайланды. Осылайша, ол Парламент депутаты Бірғаным Әйтімованың қызметін алмастырды. Сыртқы істер министрлігі қабырғасында өткен жиында Дариға Назарбаева азаматтық қоғам мен ішкі саяси ведомствоның байланысын арттыру қажеттілігін айтты. Жиын соңында Дариға Назарбаева республикамыздың дипломатиясын дамытуы мен орнығуына үлес қосқаны үшін мерейтойлық медальмен марапатталды. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу