«Өзінің түп-тамырын, ата-тегін, салт-дәстүрін білмеу діни радикализмге соқтырады». Оралда «Дін және ұлттық тарих» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар осындай ой түйді.
Ғылыми жиында дін мен дәстүрге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Жалпы, өңірде діни сауаттылықты арттыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жолға қойылған. 14 ақпараттық топ жұмыс істейді. Психологиялық, құқықтық кеңес беру қызметі бар, «сенім телефоны» қосулы. Теріс діни ағым жетегінде кеткендерге көмек көрсетіледі. Әлеуметтік зерттеудің қорытындысына сай, облыс тұрғындарының 85% діни ахуалмен таныс. Дегенмен, радикализмге бой ұрып жүргендер де бар.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
- Негізгі мақсаттардың бірі - діни құндылықтарды біздің ұлттық дәстүрлі құндылықтармен сабақтастыру. Бұл мәселелер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да көрсетілген. Конференцияның басты мақсаты - барлық ғалымдар мен сарапшылардың ой-пікірін тыңдап, жұмысымыздың жоспарын бекіту.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ