Зертхана сараптамасы жеміс құрамынан зиянкестердің табылғанын көрсетті. Аумақтық инспекция өкілдерінің айтуынша, екі тонна жеміс өткен түнде көрші елден жеткізілген. Бірақ, арнайы сертификаты және өзге де құжаттары болмай шыққан. Мамандар базарлар мен өзге де сауда орындарын аралап, фитосанитарлық жағдайды бақылап отыр. Денсаулыққа зиян өнімдердің ел аумағына өтіп кетпеуі үшін шекарада да бақылау күшейтілген. Күні кеше ғана бұдан бөлек, 3 жүк көлігі кеден бекетінен Ресейге кері қайтарылды.
Мирхан Дуанбеков, облыстық аумақтық инспекция басшысы:
- Кеше облыстық аумақтық инспекция мамандары мен шекара қызметкерлері Орск бағытындағы Әлімбет бекетінде үш автокөлікті тоқтатып, олардың фитосанитарлық құжаттарының түгел болмауына байланысты 20 тонна картоп пен екі машина ағаш тиелген жүк көліктерін кері қайтарды.