Қазақстан Журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды. Ол қалған жазасын шартты түрде өтейді. Қорғаушылардың өтінішін қараған Қапшағай қалалық соты осындай шешім шығарды. Судья Сейітқазы Матаевтың жазасын өтеу мекемесіндегі оң мінездемесін және зейнет жасына келгенін есепке алған. Сондай-ақ, іс-қағаздарға дәрігерлердің Сейітқазы Матаевтың денсаулығының дұрыс болмай жатқаны жайлы жазған анықтамалары қосылған. Сондықтан, Матаевтың өзі сотқа видеобайланыс арқылы қатысты. Енді 15 күннің ішінде прокурор аппелациялық шағым түсірмесе, шешім орындалады.
Мәдина Бакиева, Сейітқазы Матаевтың адвокаты:
- Мерзімінен бұрын шартты түрде босату уақыты 3 ай бұрын келген болатын. Бірақ, уақыт дұрыс есептелмегендіктен, осыған дейін екі бірдей сот отырысын өткіздік. 9-шы қараша күні барлық қателіктерді түзетіп, өтінішті бүгін ғана бердік.
Амангелді СЕЙІТХАН