Семейде «Есіңе ал және ойлан!» ұранымен автошеру ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Есіңе ал және ойлан!» ұранымен автошеру ұйымдастырылды

17.11.2017

Оған жиыны 15 жеңіл көлік қатысты. Осындай шара арқылы жүргізушілер қоғам назарын жол-көлік қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға аударуды көздеген. «Әр жүргізуші жолда мұқият болып, бір-біріне сыйластық танытса, оқыс оқиғалардың саны едәуір азаяр еді», - дейді жол сақшылары. Мәселен, жыл басынан Семейде 200 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 233 адам түрлі жарақат алса, 20-сы мерт болған.

Самат Абырайымов, Жол-патрульдік полиция бөлімінің рота командирі:

- Статистикаға келер болсақ, Қазақстан бойынша жылына 2 500-ге дейін адам қайтыс болады. Бұл өте үлкен цифр. Қаза тапқандардың, жарақат алғандардың санын азайту үшін жасалып жатқан шара.

Болат Жүнісбаев, Семей қаласының тұрғыны:

- Қазір бұрынғыдай емес. Жүргізуші куәлігі сынды тиісті құжаттарды алу үшін талаптар күшейтілді. Жұмыстар жөнге қойылған. Дегенмен, әр жүргізуші өзіне жүктелген жауапкершілікті ұмытпау керек. Сонда ғана оң өзгерістерге қол жеткізуге болады.

 

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу