Мектеп, балабақша және 447 пәтерлі 6 көпқабатты үйдің тұрғындары енді көгілдір отынның игілігін көреді. Бұған дейін байқоңырлықтар сұйытылған газ пайдаланды. Әрі оның әр текше метріне 800 теңге төлейтін. Ал қазір қауіпсіз, табиғи газдың құны одан 40 есе төмен.
Қала ішіне 33 шақырым құбыр жүргізілді. Соның негізінде алдағы күндері ғарышты айлақтағы 20 мың 600 абонент көгілдір отынға қол жеткізбек.
Балапан Беркінбаева, Байқоңыр қаласының тұрғыны:
- Қазақша мектеп, балабақша салынды, жақын арада емдеу мекемесі қосылды, енді міне, газ келіп, қуанышты болып жатырмыз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ