Оның бір ерекшелігі, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған. Яғни, тұрмыстық тұрғыдан таршылық көріп жүрген жанұялар балаларын осы аула клубына әкеліп, жан-жақты дамуына мүмкіндік алады. Жалпы, қазір бұл клубта 600-ден аса бала бар. Оларға түрлі бағыт бойынша үйірмелер ұйымдастырылған.
Мұндай игі орталықтың ашылуына Астана әкімдігі мен «Самұрық - Қазына» әл-ауқат қоры демеушілік жасаған. Айта кетейік, аула клубының барлық қызметі балаларға тегін көрсетіледі.
Ләззат Алшынова, «Замандас» қоғамдық қорының директоры:
- Аула клубтарында 20 шақты сабақ өтеді. Балалар үйірмелерге келіп, тіл үйренеді. Робото техникасы, спортпен айналысады.
Азамат НҰҒЫМАНОВ