Еуропа мен Азияның жас журналистері Санкт-Петербург қаласында бас қосты. Осымен 12-рет ұйымдастырылып отырған халықаралық медиа-форумға 32 елден 400-ге жуық тілші жиналған. Оларға әлемдік деңгейдегі спикерлер дәріс оқып, білгендерін үйретуде. Әр аймақтың географиялық және мәдени ерекшеліктері ескеріліп, медиа саясаттың бағыты да соған сәйкес жүргізілу керектігі айтылды. Сондай-ақ, халықаралық жиын журналистер қауымының бір-бірімен байланыс орнатып, тәжірибе алмасуларына да таптырмас алаң ретінде қызмет етуде. Бүгін басталған форум 3 күнге жалғасады.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ