Биыл Алматы облысында 5975 мұғалім біліктілігін арттырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Алматы облысында 5975 мұғалім біліктілігін арттырған

22.11.2017

Биыл Алматы облысында жаңартылған білім мазмұнына байланысты 5975 мұғалім «Өрлеу» орталығында оқып, біліктілігін арттырған. Сондай-ақ, 56 ұстаз үш тілділікке қатысты арнайы курстардан өткен. Бұл туралы Алматыда өткен «Білім және ғылымдағы инновациялар» атты халықаралық конференцияда айтылды. Ауқымды жиынға облыстың барлық аумағынан мектеп мұғалімдері мен білім берудің жаңа жүйесіне орай шыққан оқулықтардың авторлары қатысты. Олар жаңа кітаптардағы өріп жүрген қателіктер мен кемшіліктерді бірлесіп түзетудің жолдарын ақылдасты. Ал, біліктілікті арттыру орталығы жаңа жүйе бойынша ұстаздарды оқытуды жоспарлы түрде жалғастыра бермек.

Серік Кеңесбаев, «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облыстық филиалының директоры:

- Қазір 240 адам келіп, оның 180-і оқып жатыр. Енді бір аптадан кейін тағы 2 топ келеді. Жаңа бағдарлама бойынша жаңа жылға дейін тағы да 240-250 адамды оқытып шығарамыз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу