Астанада 10 мың баланың алименті өтелмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 10 мың баланың алименті өтелмеген

22.11.2017

Астана қаласында 10 мың бала несібесінен қағылып отыр. Оларға берілуі тиіс алимент мөлшері 500 млн. теңгеден асады. Ал, қадағалаушы орган болса, қарыздан жалтарып жүргендермен жанталасып келеді. Сарыарқа ауданының өзінде 6000-дей іс қаралып, 400 млн. теңгеден астам соманың жартысынан көбі өндірілген. Сондай-ақ, борышкерлердің қатысуымен ведомствоаралық жиын өтті. Оларға медиаторлардың көмегі ұсынылып, жұмыссыздарына қызмет тауып беру мүмкіндіктері қарастырылды. 

Жамбыл Сматов, Сарыарқа ауданының прокуроры:

- Әрине, жалтарып, төлеуден қашып жүрген адамдарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Биылғы жылы Сарыарқа ауданы бойынша 130-дан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 4 тұлға қылмыстық жауапқа тартылды.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу