Браконьерлермен күрес күшеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Браконьерлермен күрес күшеймек

22.11.2017

Қытай торларын пайдаланып, заңсыз балық аулаумен айналысатын браконьерлер жыл сайын мемлекетке 10-15 миллион теңге шығын әкеледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Балық ресурстары және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Арман Өтепов айтты. Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі заңсыз саят құрғандарға қарсы заңды күшейтудің амалдарын қарастырып жатыр. Мәселен, қазір қозғалған істердің сотқа дейін тек 22-23 пайызы ғана жетеді. «Ал, браконьерлердің көбі тек шартты жаза алып, айыппұлмен оңай құтылады», - дейді ведомство өкілдері. Сондай-ақ, елімізде Қызыл кітапқа енген қар барысын қорғауға қатысты да түйткілді мәселелер жиын барысында сөз болды. Соңғы деректер бойынша елімізде 120-130 қар барысы тіршілік етеді.

Бақытбек Дүйсекеев, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының басшысы:

- Соңғы жылдары қар барысы бар 13 мемлекет бірлесіп, бір бағдарлама жасады. Сол бағдарлама бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Соңғы деректер бойынша жер шарында 7,5 мың қар барысы тіркеліп отыр.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу