Мырыш пен қорғасынның жаңа кен орны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мырыш пен қорғасынның жаңа кен орны ашылады

22.11.2017

Жыл соңына дейін мырыш пен қорғасын қомақты қоры бар кен орнының жобасы таныстырылады. Бүгін бұл туралы «Қазгеология» басқармасының төрағасы Ғалым Нұржанов айтты. Жалпы, биыл елімізде 12 аумақта барлау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде пайдалы қазбалар қоры артқан. Мәселен, алтынның қоры - 31 тоннаға, уран – 14,2 мың тонна, вольфрам - 70 мың тонна, мұнай – 44 млн. тоннаға көбейген. Аталған салаға инвестиция тарту мәселесі де зор маңызға ие. Жеке капиталдың қолдауымен бүгінгі таңда 39 жоба жүзеге аса бастаған. 

Ғалым Нұржанов, «Қазгеология» АҚ басқармасының төрағасы:

- Біздің ойымызша, Қарағанды облысында ірі кен орны болады. Қарағанды облысында. Жанынан темір жол өтіп жатыр. Өздеріңіз білетіндей Жезқазған, Сәтбаев қалалары минералдық шикізат азайып жатқан моноқалалар болып саналады. Осы кен орны ашылып, үлкен өндіріс салынып жатса, Ұлытау өңіріне экономикалық тұрғыдан қосқан үлесіміз болады.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу