Олар «Құмкент-Павлодар-Шымкент» мұнай құбырларынан 100 тоннадан астам шикізат тонаған. Нақты дерек әзірге анық емес. Тіпті, ұрланған мұнайдың мөлшері бұдан да көп болуы мүмкін. Іске қатысты деген күдікпен 13 азамат ұсталып, әрқайсысының үйіне тінту жұмыстары жүргізілді. Олардың арасында лауазым иелері де бар. Облыста қылмыстық оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдары басталды.
Асқар Алтыбаев, ОҚО Прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы:
- Қылмысты әшкерелеу мақсатында облыста орналасқан 3 асфальт зауытында қарау жұмыстары жүргізілді. Үшеуіне сатылған. Өзге облыстарға да шыққан. Лауазымды адамдар бар. 262-188-197 ҚК баптарымен іс қозғалған.
Эльмира ТҰРЛЫБЕК