Мораторий - кәсіпкерлер үшін тиімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мораторий - кәсіпкерлер үшін тиімді

03.03.2014
Мораторий - кәсіпкерлер үшін тиімді
 
Елбасы 2014 жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялауын көкшетаулық кәсіпкерлер де зор қуанышпен қарсы алды.
 
Сондай жандардың бірі - Көкшетау қаласының тұрғыны Айжан Сұлтанғалиқызы. Ол - осы қаладағы   шағын мейрамхананың иесі. Бұған дейін жергілікті басқармалардан жөн-жосықсыз тексеріс жиі болатын. Енді міне, бұл мәселеден арылу үшін Елбасының Жарлығы үлкен көмегін тигізбекші.
 
Айжан Сұлтанғалиқызы, кәсіпкер:
Өз атымнан Елбасына үлкен рахмет айтқым келеді. Оның мораторий жариялауы кәсіпкерлік қызметімізді дамытуға септігін тигізбекші. Бұл - жас мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін жасалып отырған игі шара деп білемін.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу