Өндіріске Индустрия-4.0 элементі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өндіріске Индустрия-4.0 элементі енгізіледі

23.11.2017

Алдағы уақытта кәсіпорындардың жұмысына Индустрия-4.0 элементі енгізіледі. Бұл дегеніңіз зауыт жұмыстары толығымен автоматтандырылады және сандық технология негізінде жүзеге асады. Ең әуелі өңдеу өнеркәсібі осы жаңа сатыға көтеріледі. Олардың 20 пайызының қазірдің өзінде техникалық мүмкіндігі бар. Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері жаңа мүмкіндіктерді енгізу нәтижесінде еңбек өнімділігін 10-20 есеге дейін арттыруға болатынын айтты. Оған қоса, зауыттардағы өндірістік жарақат та біршама есеге төмендейді.

Алик Айдарбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары:

- Әрине, Индустрия - 4.0 элементтерін енгізу үшін инвестиция керек. Бірақ, салған инвестицияның пайдасы одан артық болады. Сондықтан, қазір барлық мемлекеттер осы мәселені қолға алып жатыр.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу