Оралда баласын тастап кеткен анаға үкім кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда баласын тастап кеткен анаға үкім кесілді

23.11.2017

Оралда құндақталған сәбиді құрылыс алаңына тастап кеткен анаға сот үкім шығарды. 21 жастағы әйел енді 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіледі.

Оқиға шілде айында болған еді. Екі апталық нәрестені құрылыс алаңынан күзетші тауып алған. Кейін шарананың анасы 21 жастағы бойжеткен екені анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Айтуынша, жас ана перзентханадан шыққан соң жігітімен жанжалдасып қалған. «Баладан құтыл» деген сөзін тыңдап, сәбиін бөбектер үйіне апарып тастамақ болған. Ақыры шарананы сол маңда салынып жатқан тұрғын үйдің жертөлесінің терезесіне тастап кеткен. Ал, 5 айлық сәби қазір бөбектер үйінде. 

Асқар Исмайылов, Орал қалалық сотының судьясы:

- Соттың үкімімен Досмахамбетова ҚК 119-бабы 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Сотта кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, баласын алып кеткісі келетіндігін мәлімдеді. Ол бойынша уәкілетті органдар айқындайды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу