Келер жылдан бастап жанармай тапшылығын жою мақсатында қосымша қор жасалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап жанармай тапшылығын жою мақсатында қосымша қор жасалмақ

27.11.2017

Бензин жетіспеушілігі мұнай өңдеу зауыттарына маусымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде айқын сезіледі. Сол себепті, бензинмен бірге әуе керосині және дизель отынын да алдын ала жинақтап алу керек. «Қазір құзырлы органдармен осы мәселе пысықталып жатыр», - дейді Энергетика министрі. Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев қыстық дизель отыны қымбаттаса, оған тосқауыл бола алмайтындарын айтты. Өйткені, сұйық мұнай отыны елімізде өндірілмегесін, Ресейден жеткізіледі. Тиісінше тауар бағасы жол шығыны мен басқа да жағдайларға байланысты болмақ. Жалпы, энергетика саласында былтырмен салыстырғанда өсім бар. 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 107 млн. тонадан, ал, газды 77 млн. текше метрден асыру жоспарланған. Сосын қауіпсіздік пен ақпараттық жүйенің тиімділігі үшін мұнай-газ нысандарын цифрландыру қолға алынуда. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Интеллектуалдық технологияларды қолдану арқылы ұңғымалармен кәсіпшілік жұмысын оңтайландыруды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде мұнай көлемі мен оның сапасын арттыруға, мұнай өңдеу компанияларының операциялық шығындарын төмендетуге әсер етеді.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу