Келесі жылдан бастап тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылдан бастап тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы іске қосылады

27.11.2017

Қазақстанда 350 мыңнан астам тұрмысы төмен отбасы бар. Олардың айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан немесе 15 мың теңгеден төмен. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты. Үкіметтің келесі жылдан бастап осындай отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматын іске қоспақ. Ол бойынша қазіргідей тек айлық жәрдемақы беріп қана қоймай, кедейліктен құтылу үшін кешенді көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек екі бағытта көрсетіледі. Біріншісі, еңбекке қабілетті мүшесі жоқ отбасыларға ақшалай көмек беру, екіншісі жанұяның еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыру. Осылайша, жаңа жылдан бастап әрбір тұрмысы төмен отбасы үшін оңалту картасы ашылады. Онда жанұя мүшелерінің  денсаулығын дұрыстау немесе білім алуға қатысты проблемалары да қамтылады.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице министрі:

- Мысал келтірсек, әйел кісі жұмыс істемейді бір баласы бар. Кірісі жоқ. Сонда біз санағанымыз 50 пайыз ең төменгі күнкөріс деңгейінде беріледі деп. Ендігі жылдан 28 284 теңгені құрайды. Ал, 50 пайызы 15 274 теңгені құрайды. Сол 15 274 теңге екеуіне санағанда 30 мыңнан асып отыр. Сол 350 мың жанұяға сол қызметті көрсетеміз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу