Енді сотта заңгерлік қызмет көрсету үшін арнайы палатаға мүше болу міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді сотта заңгерлік қызмет көрсету үшін арнайы палатаға мүше болу міндеттеледі

28.11.2017

Парламент Мәжілісінде Үкімет осындай заң жобасын таныстырды. Қазіргі уақытта кез келген заң білімі бар адам адвокат қызметін атқара алады. Қызметтің сапасыздығынан азаматтар өз құқығын дұрыс қорғай алмай, шығынға да батып жатады. Ал, палатаға мүше адвокаттар белгілі талаптар бойынша жұмыс істейтін болады. Ал, заңнан ауытқып, міндетін дұрыс атқармағандар жауапқа тартылмақ. Бұдан бөлек, заңгерлер палатасының санын көп етіп құру жоспарланған. «Бұл бәсекелестікті арттыру арқылы, қызмет сапасын күшейтуге жол ашады», - дейді мамандар.

Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Халыққа ақпарат үшін адвокат қызметінің бағасын құруды да жоспарлап отырмыз. Осы арқылы тұрғындар қызметтің орташа құнын білетін болады. Бұл бағаны негізсіз көтеруге тосқауыл болмақ. Сондай-ақ, тараптар өздеріне тиімді бағаға да келісе алады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу