Алматыда «Шеберлер» атты қолөнершілердің жәрмеңкесі өтті. Оған әр аймақтан он саусағынан бал тамған шеберлер келіп, қатысты. Олар қазақтың көне жәдігерлерін жаңғыртып, ұлттық нақыштағы киімдер мен зергерлік бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Сатып алушылар үшін бағасы да қолжетімді. Сондай-ақ, темірден жасалған құрал-сайман, қалы кілемдер, жастықтардың сан алуан түрі көрменің сөресіне қойылды. «Мұндай шара ұлттық сананы жаңғырту үшін қажет», - дейді ұйымдастырушылар.
Бибіажар Симова, қолөнер шебері:
- Қазақтың ұмытылып бара жатқан қоржын, аяққап, бау-басқыр кілем тоқу сияқты ұлттық өнерін әлі жалғасытырудамын. Соны жастарға үйретудемін. Қазір 68-демін, 62 жылдық тәжірибем бар.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ