Астанада қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті жастар форумы өтуде. «Мен қазақстандықпын» деген атпен басталған үшінші басқосу Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды. Биылғы жиынның мәні бөлек. Жетістікке жеткен жастар - бизнес, спорт және қолданбалы өнер салалары бойынша шеберлік сағаттарын өткізіп, табысты болудың жолдарымен бөлісті. Бір атап өтерлігі, жастардың белсенділігімен қоса, қатары да артып келеді. Қаладағы 24 этномәдени бірлестік жанына қазір 15 ұйым топтасқан.
Ләззат Құсайынова, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:
- Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында ұйымдастырылып отыр. Басты мақсатымыз - ұлттық бірегейлікті, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Елдос САПАРҒАЛИ