Тайландта жол-көлік оқиғасына түскен қазақстандық қыз елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайландта жол-көлік оқиғасына түскен қазақстандық қыз елге оралды

28.11.2017

Бұл туралы оның анасымен телефон арқылы сөйлескенімізде белгілі болды. 24 жастағы алматылық Анора Төлегенова өткен айда Пкухет курорттық аймағына демалуға барған. Сонда Ресей азаматы басқарған мотоциклмен апатқа ұшырады. Содан бас сүйек-ми зақымын алып, жергілікті ауруханаға түсті. Бірақ, ем-дом шығынын әлгі бейтаныс жігіт өтеуі тиіс екен. Алайда, ол «жан-жақты қолдау білдіремін», деп артынша ізім-ғайым жоғалып кеткен. Дегенмен, оны құзырлы орган «кінәлі» деп танып құжатын алып қойған. Қазір іздестіріліп жатыр. Ал, тайландтық дәрігерлер Анораны толықтай аяққа тұрғызып, еліне кете беруіне рұқсат еткен.

Ризвангүл Беделбаева, А. Төлегенованың анасы:

- Оларға разымыз.  Қолдарынан келгеннің бәрі жасады. Балам бір айдың ішінде аяққа тұрып, өзіміз ұшақпен ұшып келдік. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу