Олжас Сүлейменов «Күншығыс орденімен» марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Сүлейменов «Күншығыс орденімен» марапатталды

29.11.2017

Осыған дейін мұндай наградаға Қазақстанның 3 азаматы ғана ие болыпты. Алғашқысын - 2006 жылы тұтқындағы Жапония жауынгерлері мәселелерін шешуде ерен еңбегі үшін Асқарбек Алданазаров алды. Екі жылдан соң Токиоға жұмыс сапары кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа да осындай құрмет көрсетілді. Жапония елшілігінде өткен шара ел Императорының туған күніне байланысты да ұйымдастырылған. Салтанатты рәсімге Жапонияның Қазақстандағы елшісі Итиро Кабавата, еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қатысты. Құттықтау сөзінде елші Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толғанымен құттықтап, бейбітшілік пен ядролық қаруды таратпау жөнінде екі елдің әріптестік орнатқанын атап өтті.

Кеште суши жасаудың әдіс-тәсілдері де таныстырылып, шеберлік сабақтары өтті.  

Олжас Сүлейменов, ақын, Жапонияның «Күншығыс елі, гүлөрнекті Алтын шуақ» орденінің иегері:

- Бұл құрмет кезінде халықаралық ұйымдардан да көбірек еңбек еткен Невада-Семей қозғалысына берілді деп есептеймін. Біздің қозғалысымыз арқылы ядролық сынақтарды өткізу тоқтатылды. Бұл орден арқылы өмірімдегі ең маңызды қызметім бағаланды. Жалпы, Жапония әлем бойынша көп азаматты марапаттапты, соның ішінде маған берілген орден ең әдемі болып көрінді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу