Бизнес пен билік ортақ мәселелерін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес пен билік ортақ мәселелерін талқылады

29.11.2017

Кәсіпкерлер палатасы тұрғын үй құрылысы мен қолжетімді ипотека мәселесін Үкіметтен жеке секторға беру туралы ұсыныс жасады. Бүгін Үкімет басшысының қатысуымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Бизнес қауымдастық құрылысты жеке сектордың құзырына беріп, Үкімет тек ипотеканы арзандату мен субсидиялау секілді тетіктерді реттеумен ғана айналысқаны дұрыс екенін алға тартты. Бұл мәселені талқылау үшін Үкімет жанындағы экономикалық кеңес жұмысына палата өкілдерін де тарту жөнінде өтініш айтылды. Жиында кәсіпкерлер үшін өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Оның ішінде отандық Экономист сарапшылар институтын дамыту жайы мен кедендік реттеуді электронды форматқа көшіруді жеделдету мәселесі болды. Ал, Үкімет басшысы бизнесті дамыту мәселесі қашан да күн тәртібінде екенін айтты. Биылдың өзінде салық пен рұқсат беру саясаты реттеліп, құқықтық салада біраз шаруалар атқарылғанын жеткізді. Бірлескен жұмыс тобын құрып, бүгін көтерілген бастамаларды кең көлемде талқылайтын болып уағдаласты.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу